Атырау облысының әкімі Серік Шәпкеновтің Атырау қаласы Күнімен құттықтауы

Атырау облысының әкімі Серік Шәпкеновтің Атырау қаласы Күнімен құттықтауы

Атырау облысының әкімі Серік Шәпкеновтің Атырау қаласы Күнімен құттықтауы

Құрметті Атырау қаласының тұрғындары!

Баршаңызды Қала күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Ажарлы Атырау – өмірінің әр күні мен әр сағатын сүйікті Отанымыздың гүлденуіне арнаған, жаны жайсаң асыл адамдардың мекені айналған қасиетті қала.
Қос құрлықтың ортасындағы қаламыз қажырлы еңбегі мен тума талантын, бойындағы бар күш-қуатын облыс орталығының материалдық және рухани жағынан дамуына жұмсап, оның өсіп-өркендеуіне айрықша үлес қосып келе жатқан Сіздермен ғана көрікті.
Бәріміз күш біріктіру арқылы ару қаламызды өмір сүру, еңбек ету, оқу, демалу үшін ыңғайлы да жайлы жасаймыз.
Сөйтіп Атырауды келбетті кент, шырайлы шаһар қып гүлдендіру арқылы перзенттік парызымызды өтеп, шежірелі жылнамасының жаңа парақтарын бірге жазысамыз.
Бұл күні қаламыздың аға буын өкілдері – ардақты ардагерлерімізге айрықша алғысымызды арнаймыз.
Иә, олар бүгінгі берекелі тұрмысымыздың бастауында тұр, ілкімді ісі – өнеге, ізгі қасиеті мұра болып жалғасады.
Барлық қалалықтарға мерейлі мерекеде көтеріңкі көңіл күй, ырыс пен ынтымақ тілеймін!
Әрбір атыраулық отбасында игілік мол болсын!
 
 Құрметпен,  Атырау облысының әкімі С.Шәпкенов