Атырау облысының құрылыс басқармасына басшы тағайындалды

Атырау облысының құрылыс басқармасына басшы тағайындалды

Атырау облысының құрылыс басқармасына басшы тағайындалды

Бүгін, Атырау облысы әкімінің өкімімен облыстық құрылыс басқармасының басшысы лауазымына Құсайынов Нұрберген Мәлікұлы тағайындалды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Нұрберген Құсайынов Мемлекеттік Орал газ, мұнай және салалық технологиялар колледжінің газ жабдықтау жүйесі мен жабдықтауды монтаждау және пайдалану мамандығын, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін және Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін тәмәмдаған.

Еңбек өтілі:
02.2008 – 04.2009 жылдар аралығында Орал қаласы «Батысгазстрой» ЖШС-де өндірістік техника бөлімінің маманы;


07.2010 – 05.2011 жылдар аралығында Орал қаласы «Батысгазстрой» ЖШС-де өндірістік-техника бөлімінің ТҚ маманы;


09.2011 – 04.2012 жылдар аралығында Индер аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінде көмекші;


04.2012 – 07.2012 жылдар аралығында Индер аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінде бас маманның міндетін атқарушы;


07.2012 – 01.2017 жылдар аралығында Индер аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінде бас маман;


01.2017 – 03.2018 жылдар аралығында Индер аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінде сектор меңгерушісі;


03.2018 – 06.2018 жылдар аралығында Жылыой ауданы құрылыс бөлімінде уақытша бөлім басшысы;


09.2018 – 12.2018 жылдар аралығында Жылыой ауданы құрылыс бөлімінде бас маманның міндетін атқарушы;


12.2018 – 01.2019 жылдар аралығында Жылыой ауданы құрылыс бөлімінің бас маманы;


02.2019 – 09.2021 жылдар аралығында Жылыой аудандық құрылыс бөлімінің басшысы;


09.2021 жылдан бастап бүгінге дейін Атырау облысының құрылыс басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды.