Атырау облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары тағайындалды

Атырау облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары тағайындалды

Атырау облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары тағайындалды

Бүгін, Атырау облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары лауазымына Әбуов Марат Әлменұлы тағайындалды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Марат Әбуов Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің шетел тілі мамандығы бойынша бакалавры, Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетінің құқықтану мамандығын бітірген. ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының магистрі.

Еңбек өтілі:

08.1999 – 04.2004 жыл аралығында Қызылқоға ауданы Миялы селосы Х.Досмұхамедов атындағы орта мектептің мұғалімі;
04.2004 – 02.2005 жыл аралығында Қызылқоға аудандық білім беру бөлімінің бас маманы;
02.2005 – 01.2008 жыл аралығында Қызылқоға ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-кадр және мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінде бас маман;
01.2008 – 11.2011 жыл аралығында Қызылқоға аудан әкімі аппаратының жалпы бөлімінде бөлім меңгерушісі;
11.2011 – 12.2017 жыл аралығында Қызылқоға ауданы әкімі аппаратының басшысы;
12.2017 жылдан бастап бүгінге дейін Қызылқоға ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.