«AMANAT» партиясының Атырау облыстық филиалының атқарушы хатшысы тағайындалды.

«AMANAT» партиясының Атырау облыстық филиалының атқарушы хатшысы тағайындалды.
Партия саяси кеңесінің бюро мәжілісіне қатысқан облыс әкімі Серік Шәпкенов бюро мүшелері мен облыстық партия филиалы жанындағы қоғамдық кеңес төрағалары бас қосқан мәжілісте жаңа басшыны таныстырды.
 
Облыс әкімі, партия мүшесі Серік Шәпкенов жаңа атқарушы хатшы Абдолла Идресовтің партия қойған талап-міндеттерін орындау бағытындағы жұмысына сәттілік тіледі.
 
Өзіне жүктелген жауапкершілігі зор қызметті абыроймен атқаруға мүдделі екенін атаған Абдолла Идресов сайлауалды бағдарламаның орындалысы, сайлаушалырға берген уәделердің сапалы, оң орындалуы жолында тәжірибесі мен біліктілігін жұмсайтынын жеткізді.
Абдолла Идресов еңбек жолын Махамбет ауданының Сарытоғай ауылындағы орта мектептің физика пәнінің мұғалімі болып бастаған. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің Жастар ісі жөніндегі комитетінің төрағасы, Атырау облысы жастар ұйымдары, ал, ​2007-2010 жылдары аралығында мемлекеттік қызметте – Атырау облысы балалардың құқықтарын қорғау департаментінің бөлім басшысы болды.
 
​2010-2013 жылдары аралығында бұқаралық ақпарат құралдары саласында басшылық қызметтер атқарып келді , 2018-2021 жылдары Атырау облысы «Атамекен» кәсіпкерлік палатасының директоры болып қызмет атқарды. «AMANAT» партиясының мүшесі, VII шақырылған Атырау облыстық мәслихатының депутаты.
 
Бүгінгі күнге дейін кәсіпкерлік саласында басшылық қызметтерде жасады.
Жиын барысында «AMANAT» партиясы облыстық филиалының кезектен тыс ХХХІV конференциясын шақыру, қатысатын делегаттар тізімін және жиынның күн тәртібін бекіту туралы мәселелер қаралды.
 
«AMANAT» партиясы Атырау облыстық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Арман Азаматов «Аdal» саяси партиясы қосылғаннан кейін партиялық ұйымдастыру шараларына өзгерістер енгізу қажеттілігі күн тәртібіне шыққанын атап, конференцияға қатысатын делагаттар тізімін таныстырды. Бекітілген 50 делегат таяуда өтетін кезектен тыс конференцияда партияның облыстық филиалы саяси кеңесі құрамын өзгертіп, қайта бекіту шараларына және партия филиалының бақылау-тексеру комиссиясының құрамына өзгеріс енгізу мәселесіне қатысты дауыс береді.