Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары С.К.Айдарбеков бастаған делегация Өзбекстан Республикасына барды, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары С.К.Айдарбеков бастаған делегация Өзбекстан Республикасына барды, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Атырау облысынан аттанған делагация сапар барысында Өзбекстан Республикасының өнеркәсіптік әлеуетін зерттеп, ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізу бойынша уағдаласуға ниет білдірді. Көрші мемлекеттің туристерді тартудағы тәжірибесін зерделеп, қалалардың инфрақұрылымдық дамуымен танысты.


Сапардың алғашқы күні Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары С. Айдарбеков Өзбекстан Республикасының Ауыл шаруашылығы, сондай-ақ туризм және мәдени мұра министрлігінің басшылығымен кездесті. Ауылшаруашылық техникаларын өндіретін кәсіпорынды да аралады.
Сонымен қатар С. Айдарбеков Қашқадария және Самарқанд облыстарында болып, тығыздығы жоғары полиэтилен және басқа да өнім өндіретін «Шуртан газ-химия комбинатының», Сұйық синтетикалық отын дайындайтын «Uzbekistan GTL» зауытының жұмысымен танысты.
Кездесу барысында туристерді тарту мәселесі бойынша тәжірибе алмасып, туристік компаниялармен байланыс орнатты.