Құжаттарды қабылдау туралы хабарландыру: Атырау облысы кәсіпкерлерінің назарына!

Құжаттарды қабылдау туралы хабарландыру:   Атырау облысы кәсіпкерлерінің назарына!

Құжаттарды қабылдау туралы хабарландыру:

 

 

Атырау облысы кәсіпкерлерінің назарына!

 

         Құжаттарды қабылдау: Атырау облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және туризм басқармасы;

          Пошталық мекен-жайы: 060010

Электрондық пошта мекен-жайы: u.upiir@atyrau.gov.kz

Толық ақпаратты:  Атырау қаласы, Әйтеке би  көшесі, №77, 3 қабат, 321 каб.; немесе байланыс телефондары арқылы білуге болады: 35-43-44;

         Нысанасы: 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 20-бабына және 79-4-бабының 1-тармағына сәйкес және  Қазақстан Республикасының Үкіметі 2021 жылдың 11 қарашада №795  «Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерін айқындау туралы» бекітілген қаулысына сәйкес облыс аумағындағы әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту бастамаларын жүзеге асыруға құжаттарын Атырау облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және туризм басқармасы қабылдайды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 қазандағы № 773 Қаулысы аясында әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне өз қызметін әлеуметтік кәсіпкерлік саласында жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлер және заңды тұлғалар (ірі кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) енгізіледі. Қағидаларға сәйкес тізілім әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің төрт санаты бойынша жүргізілетін болады:

Бірінші санат: қосымша 1, Екінші санат: қосымша 2, Үшінші: санат қосымша 3, Төртінші санат қосымша: 4.

         Өтінім берілетін жер: Атырау облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және туризм басқармасы. Атырау қаласы, Әйтеке би  көшесі, №77, 3 қабат, 321 каб.;

         Құжаттаманы ұсыну мерзімі: 2022 ж. «1» маусымнан бастап 2022 ж.   «15» маусым аралығында, жұмыс күндері сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін (жергілікті уақытпен). Көрсетілген мерзім өткеннен кейін түскен өтінімдер қабылданбайды.

Өтінімдерді берудің басталу күні мен уақыты: 2022ж. «1» маусым сағат 9.00-ден бастап (жергілікті уақыт).

Өтінімдерді берудің аяқталу күні мен уақыты: 2022 ж. «15» маусым сағат 17.30-ға дейін (жергілікті уақыт).