Құжаттарды қабылдау туралы хабарландыру:

Құжаттарды қабылдау туралы хабарландыру:

Атырау облысы кәсіпкерлерінің назарына!

 

         Құжаттарды қабылдау: Атырау облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалық – инновациялық даму басқармасы;

          Пошталық мекен-жайы: 060010

Электрондық пошта мекен-жайы: u.upiir@atyrau.gov.kz

Толық ақпаратты:  Атырау қаласы, Әйтеке би  көшесі, №77, 3 қабат, 321 каб.; немесе байланыс телефондары арқылы білуге болады: 35-43-44;

         Нысанасы: 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 20-бабына және 79-4-бабының 1-тармағына сәйкес және  Қазақстан Республикасының Үкіметі 2021 жылдың 11 қарашада №795  «Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерін айқындау туралы» бекітілген қаулысына сәйкес облыс аумағындағы әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту бастамаларын жүзеге асыруға құжаттарын Атырау облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалық – инновациялық даму басқармасы қабылдайды.

         Өтінім берілетін жер: Атырау облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалық–инновациялық даму басқармасы.

         Құжаттаманы ұсыну мерзімі: 2022 ж. «5» қантардаң бастап 2022 ж. «10» қантар аралығында, жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.00-ға дейін (жергілікті уақытпен).          Көрсетілген мерзім өткеннен кейін түскен өтінімдер қабылданбайды.

Өтінімдерді берудің басталу күні мен уақыты: 2022ж. «5» қантар сағат 9.00-ден бастап (жергілікті уақыт).

Өтінімдерді берудің аяқталу күні мен уақыты: 2022 ж. «10» қантар сағат 17.30-ға дейін (жергілікті уақыт).