Атырауға сапары аясында Қырымбек Көшербаев ​ ​ репрессия құрбандарын ақтау жөніндегі комиссия мүшелерімен кездесті

Атырауға сапары аясында Қырымбек Көшербаев ​ ​ репрессия құрбандарын ақтау жөніндегі комиссия мүшелерімен кездесті

ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев Атырауға іс-сапары аясында саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау мәселелері жөніндегі өңірлік комиссияның жобалық кеңсесінің қызметімен танысты​ – деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

​Кездесу кезінде комиссияның жұмыс барысы және осы уақытқа дейін жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижелері айтылды.

- Тарихымыздағы ақтаңдақтар ақиқатын білуіміз керек. Репрессия құрбандарының қуғын-сүргінге ұшырау себебін қоғамға жеткізу қажет. Өйткені, алға қадам жасауымыз үшін өткен тарихымыздан сабақ алу маңызды.

Мемлекеттік комиссия саяси репрессия құрбандарын толық​ ақтап болғанға дейін, өз жұмысын жалғастырады. Болашақта Тарихи жады институты құрылады. Өңірлік комиссия мүшелерінен, тарихшылардан нәтижелі зерделеу жұмыстарын күтеміз – деді ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев.​

Еске сала кетелік, 26 өкілден құрылған өңірлік комиссияның құрамында 8 жұмысшы тобы бар. Олардың қатарында, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің ғалымдары мен тарихшы мамандарынан бөлек, қоғамдық ұйымдар мен этномәдени бірлестік өкілдері де бар.

Арнайы топ жүргізген жұмыстар нәтижесінде​ мемлекеттік қудалау санаттары бойынша 3 мыңға жуық адамның істері мен фильтрациялық тексеру, трофейлік карточкалар зерттелген.