«Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің қатысуымен облыстық мәслихаттың кезектен тыс V сессиясы өтті»,- деп хабарлайды Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі.
⠀
Сессия жұмысына, сондай-ақ, облыс әкімінің орынбасарлары мен аппарат басшысы, облыстық Қоғамдық кеңестік төрағасы, бірқатар басқармалардың басшылары және селекторлық режимде аудандық мәслихаттың хатшылары мен аудандардың әкімдері қатысты.
⠀
Күн тәртібіне енгізілген, облыстық мәслихаттың кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы мәселелер депутаттар тарапынан қолдау тауып, бекітілді. Соның ішінде, аумақтық сайлау комиссиясының, бірқатар ведомствооаралық консультативтік-кеңестік органдардың құрамдарына өзгерістер енгізілді.
⠀
Жиын аяғында облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов қажетті мәселелерді тез арада қарап, қолдау көрсетіп отырған мәслихат депутаттарына рахмет айтып, алда да бірлескен жұмыстар жалғасын табатынына сенім білдірді.