«Жастар – Отанға!» бағдарламасын іске асыру «Жол картасы» бекітілді

«Жастар – Отанға!» бағдарламасын іске асыру «Жол картасы» бекітілді

«Аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетовтің төрағалығымен өткен «Nur Otan» партиясы Атырау облыстық филиалының Саяси кеңесі Бюросы мәжілісінде «Jas Otan» жастар қанатының «Жастар – Отанға!» бағдарламасын іске асыру жөніндегі «Жол картасы» бекітілді»,-деп хабарлайды Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Өңір басшысы Махамбет Досмұхамбетовтің айтуынша, Елбасы, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2019 жылдың 21 тамызында өткен «Nur Otan партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында берген тапсырмасына сәйкес, «Жастар – Отанға!» бағдарламасы әзірленген.
«Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жастар мәселесін дер кезінде шешу мен қолдаудың маңыздылығын атап, оларға әрдайым ерекше көңіл бөліп келеді»,-деген М.Досмұхамбетов, осы тұрғыда «Jas Otan» жастар қанатының маңыздылығын атап өтті.
«Nur Otan» партиясының жастар қанаты – «Jas Otan», 20-жылдық тарихы бар, еліміздегі барлық санаттағы азаматтардың мүддесін білдіретін ең ірі жастар ұйымы ретінде жас қазақстандықтардың жан-жақты дамуы мен өзін-өзі қалыптастыруы үшін жағдай жасауды өзінің негізгі мақсаты етіп келеді»,-деді облыс әкімі.
Ал, «Nur Otan» партиясы Атырау облыстық филиалы төрағасының орынбасары Арман Азаматовтың айтуынша, аталған Жол картасы жастар саясатына тың серпін берері сөзсіз.
«Бағдарлама жас қазақстандықтарды ел дамуының ортақ мақсаты төңірегінде біріктіруге және жастардың өзін-өзі дамытуы үшін жан-жақты қолдауды қамтамасыз етуге бағытталған. Бағдарлама әртүрлі санаттағы жастардың мүддесін қамтиды және әлеуметтік зерттеулер мен сауалнамалардың нәтижелеріне сүйенеді»,-деген А.Азаматов, жастардың әртүрлі топтарымен 50-ден астам кездесу өткізіліп, нәтижесінде 100-ден астам нақты ұсыныстар сараланып алынғанын жеткізді.
Оның сөзінше, «Сапалы білім» бағытында «Таза сессия», жастарды ағылшын тіліне оқытуды ұйымдастыру, «Жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту» бағыты бойынша «Жас кәсіпкер» жобасы қарастырылған. Сондай-ақ, «Жас отбасыларды қолдау және қолжетімді баспана» бағыты бойынша «Бақытты отбасы» жобасы және «Тұлғалық даму және бос уақытты тиімді өткізу» бағытында «Excursion day», «Жайлау life» сияқты жобалар жол картасына енгізілген.
Бұлар бойынша барлығы 280 кешенді іс-шараларды жүзеге асыруға жоспарлар құрылып, 130 индикаторлар айқындалған.
Айта кетейік, аталған бағдарламаны дайындауға сауалнама жүргізу үшін облыстың жүз отыз мың жасы қамтылған.