АЙМАҚ БАСШЫСЫ АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

АЙМАҚ БАСШЫСЫ АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ
«Аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов азаматтарды жеке мәселелері бойынша онлайн форматта қабылдады»,- деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.
​Облыс әкімі онлайн түрде өткен кезекті қабылдауында өздерін толғандырып жүрген түрлі сауалдары бар оннан астам тұрғынмен байланысқа шықты. Азаматтардың басты көтерген мәселелері баспанамен қамту, одан кейін тұрғын-үй сапасы мен ​медицина саласына қатысты болды.​ ​
​Жауапты сала басшылары баспанамен қамтудың заңдылықтарын​ жан-жақты түсіндірсе, өзге сала жетекшілері тиісті сауалдарға толымды жауап берді.​
Аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов азаматтардың өтініш-талаптарын ​ жауапты сала басшыларына жан-жақты қарауды тапсырып, көтерілген мәселелер шешім тапқанша өз бақылауында болатынын жеткізді. Сосын ​ халықтан түскен сауалдарға барынша шұғыл жауап беріліп сондай-ақ оларды заң шеңберінде шешудің басты міндет екенін ерекше ескертті.