Атырау облысы кәсіпкерлерінің назарына!

Атырау облысы кәсіпкерлерінің назарына!

Атырау облысының әкімі Б.Ақшолақовтың төрағалығымен «Бірыңғай есеп күні» өткізіледі.

24 қыркүйек 2026 15:00

Атырау облысы кәсіпкерлерінің назарына!

Атырау облысының әкімі Б.Ақшолақовтың төрағалығымен «Бірыңғай есеп күні» өткізіледі.

Мақсаты – бақылау-қадағалау қызметін реформалауды жүзеге асыру аясында мемлекеттік бақылау және қадағалау жөніндегі заңнаманың міндетті талаптарын бұзуды жүйелі түрде алдын-алуды дамыту, тұрақты қауіпсіз қызметті іске асыру үшін кәсіпкерлердің және ұйымдардың құқықтық сауаттылығын жақсарту.

Өткізу нысаны – бақылау және қадағалау органдарының олардың мемлекеттік бақылау және қадағалауды жүзеге асыру нәтижелерін кәсіпкерлік субъектілерімен талқылау және бизнес-қауымдастықпен кері байланысты қалыптастыру бойынша өткізілетін кездесу.

Өткізу күні – 2026 жылғы 24 қыркүйек, сағат 15.00.

Атырау қаласы, М.Баймуханов көшесі, 45А "Н.Балғымбаев атындағы даму және коммуникациялар орталығы" ғимараты

Қатысушылар:

Мемлекеттік органдардан – облыстық бақылау және қадағалау органдарының өкілдері;
Бизнес-қоғамдастықтан – бизнес-қоғам өкілдері, облыстағы кәсіпкерлердің өңірлік палаталарының өкілдері, Атырау қаласы және аудан кәсіпкерлері.