
Бүгін Салтанат сарайының алаңында «Бір шаңырақ – бір өнер» атты Құрманғазы атындағы мәдениет сарайының сазды бағдарламасы өтті, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Отбасы күніне орай ұйымдастырылған ашық аспан астындағы кеште өнерпаздар ән шырқап, көрерменге ерекше көңіл күй сыйлады. Саз бен ән үндескен мәдени кешке қала тұрғындары мен қонақтары қатысты.
- Мұндай жобалардың басты мақсаты – тұрғындардың бос уақытын тиімді ұйымдастырып, мәдениет пен өнерді кеңінен насихаттау. Алдағы уақытта да Салтанат сарайының алаңында түрлі мәдени-көпшілік іс-шараларды ұйымдастырып, бұл орынды халық көп жиналатын мәдени орталыққа айналдыруды көздеп отырмыз, — деді Құрманғазы атындағы мәдениет сарайының директоры Ербол Идрисов.