
Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Оған алдын ала жазылған тұрғындар кезек тәртібімен шақырылды.
Кездесуге келгендер жер телімдерін алу, әлеуметтік қолдау, баспана кезегі, тұрғын үй кешендерінің құрылысы және инфрақұрылымды дамыту мәселелеріне қатысты өтініштер айтты.
Өңір басшысы әрбір азаматтың мәселесін мұқият тыңдап, барлық өтініш белгіленген тәртіппен және қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес қаралатынын атап өтті. Қабылдау қорытындысы бойынша жауапты мемлекеттік органдарға нақты тапсырмалар беріліп, олардың орындалуы бақылауға алынды.