Мақат аудандық ауруханасына замануи реанимобильдер мен медициналық құрал-жабдық табысталды

Мақат аудандық ауруханасына замануи реанимобильдер мен медициналық құрал-жабдық табысталды

Мақат аудандық ауруханасының материалдық-техникалық базасы жаңа медициналық техникамен толықты.

«North Caspian Operating Company N.V.» компаниясының әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы аясында ауруханаға екі заманауи Toyota Hiace High Roof реанимобилі мен жылжымалы цифрлық рентген аппараты берілді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

Жаңа техникаларды табыстау рәсімінде аудан әкімі Азамат Мәмбетов бұл қолдау аудан тұрғындарына көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттырып, шұғыл медициналық қызметтің қолжетімділігін кеңейтуге және денсаулық сақтау саласының материалдық-техникалық әлеуетін нығайтуға ықпал ететінін атап өтті.

Іс-шара барысында реанимобильдердің кілттері аурухана жүргізушілеріне тапсырылды. Сонымен қатар ауданның денсаулық сақтау саласын дамытуға қосқан үлесі үшін «North Caspian Operating Company N.V.» компаниясының ұжымына аудан әкімінің Алғыс хаты табысталды.