
Ағымдағы жылдың 7 шілде күні Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен Атырау қалалық және аудандық аумақтық сайлау комиссияларының кәсіби тұрақты негізінде жұмыс жасайтын мүшелеріне арналған 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауын ұйымдастыру мәселелері бойынша оқыту семинары өткізілді.
Іс-шара барысында Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауын дайындау мен өткізудің Күнтізбелік жоспары, сайлау заңнамасындағы жаңа өзгерістер, жасанды интеллект құралдарын тиімді пайдалану мәселелері талқыланды. Сонымен қатар қатысушылардың тәжірибелік дағдыларын арттыру мақсатында кейстермен және сайлау құжаттарымен жұмыс жүргізілді.
Семинар қорытындысы бойынша комиссия мүшелерінің білімін бағалау мақсатында тестілеу өткізілді.