
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Атырау облысы ТЖД Төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасы бастығының міндетін атқарушы Думан Үмбет мәлімдеді.
Биыл облыста көпқабатты тұрғын үйлердің терезесінен балалардың құлауына қатысты 16 жағдай тіркелген. Зардап шеккен балалардың жасы 1 мен 5 жас аралығында.
– Балалардың терезеден құлауы көбіне ата-аналардың балаларды қараусыз қалдыруынан, терезе алдына жиһаз қоюдан, москит торына сенуден және терезелердің толық ашық қалдырылуынан болады. Сондықтан ата-аналарды балалардың қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлуге шақырамыз. Бір сәттік салғырттық орны толмас қайғыға әкелуі мүмкін, – деді Д.Үмбет.
Оқыс оқиғалардың алдын алу мақсатында облыс бойынша 367 рейд болып, 5 мыңнан астам тұрғынға түсіндіру жұмыстары жүргізілген.
Сөз соңында спикер тұрғындарды балалардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударуға шақырып, қосымша сұрақтар туындаған немесе төтенше жағдай орын алған жағдайда 112 бірыңғай байланыс нөміріне хабарласуға шақырды.