Ағымдағы жылдың 15 маусым күні Махамбет аудандық аумақтық сайлау комиссиясы мен Махамбет аудандық Жас сайлаушылар клубының ұйымдастыруымен Махамбет көп бейінді ауыл шаруашылық колледжінің студенттерімен мазмұнды кездесу өткізілді

Жастармен өткен бұл басқосудың басты ерекшелігі – олардың азаматтық жауапкершілігі мен ел тағдырына деген көзқарасын қалыптастыруға бағытталуы болды. Кездесу барысында студенттер сайлаудың мемлекет өміріндегі маңызы, жас сайлаушылардың қоғамдағы рөлі және әр азаматтың дауысы маңызды екені жөнінде пікір алмасты.

Ұйымдастырушылар сайлау заңнамасындағы негізгі нормаларды түсіндіріп, дауыс беру тәртібі, сайлаушының құқықтары мен міндеттері туралы жан-жақты мәлімет берді. Сонымен қатар, жастардың қоғамдық бастамаларға белсенді араласуы, өз ойын ашық білдіруі және елдің болашағына бейжай қарамауы – нағыз азаматтық ұстанымның көрінісі екені атап өтілді.

Бүгінгі саналы жас – ертеңгі жауапты сайлаушы. Сондықтан жастардың құқықтық сауатын арттыруға бағытталған мұндай кездесулер олардың белсенді азамат болып қалыптасуына және демократиялық құндылықтарды терең түсінуіне ықпал етеді.