Ағымдағы жылдың 15 маусым күні Қызылқоға ауданы Сағыз аграрлық техникалық колледжі мен аудандық жастар ресурстық орталығында жас сайлаушылармен кездесу өткізіліп, Қазақстан Республикасының сайлау жүйесіндегі сайлаушылардың құқықтары мен міндеттері туралы түсінік берілді
Іс-шараның басты мақсаты – жас ұрпақтың құқықтық сауатын арттыру, сайлау мәдениетін қалыптастыру және ел өміріне белсенді араласуына ықпал ету. Кездесу барысында жастар жаз мезгілінде өтетін Құрылтай сайлауына белсенді қатысуға шақырылды.