Атырау облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары тағайындалды

Атырау облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары тағайындалды

Атырау облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары лауазымына Нұрлыбек Даралиев тағайындалды.

Облыс әкімі аппаратының басшысы Нұрлыбек Жеңісбекұлы жаңа қызметкерді ұжыммен таныстырып, алдағы жұмысына табыс тіледі.

Нұрлыбек Даралиев 1990 жылы 15 тамызда Атырау қаласында туған. Екі жоғары білімі бар: 2011 жылы Атырау мұнай және газ институтын «Пайдалы қазбалар кен орындарының геологиясы және барлау» мамандығы бойынша, 2017 жылы Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2013 жылы жеке секторда бастап, кейін спорт және білім салаларында Атырау облысының мемлекеттік мекемелерінде қызмет атқарды.

Нұрлыбек Даралиев — VIII шақырылымдағы облыстық мәслихаттың депутаты. 2023 жылдың сәуірінен 2026 жылдың мамырына дейін Атырау облыстық мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жетекшілік етті. Сонымен қатар Атырау облысы Полиция департаменті жанындағы нашақорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу жөніндегі кеңес төрағасының орынбасары міндетін атқарды.

Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Атырау облысының спорт басқармасында түрлі лауазымда еңбек етті.