Биыл қаңтар–ақпан айларында өңірдің туристік саласына 7,5 млрд теңге инвестиция тартылды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда екі есеге жоғары, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
⁃Инвестиция көлемінің артуы өңірде жүзеге асырылып жатқан инфрақұрылымдық жобалармен байланысты. Атап айтқанда мәдениет үйлері, спорт мектептері, теміржол вокзалы және жол бойындағы сервистік нысандар салынуда, - деді облыстық Дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының бөлім басшысы Алима Рамазанова.
Мамандардың айтуынша, туристік салаға тартылған инвестициялар өңірдің экономикалық дамуына оң әсерін тигізіп, жаңа жұмыс орындарын ашуға және туристер үшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.