Атырау мектептеріндегі экологиялық іс-шаралар қорытындыланды

Атырау мектептеріндегі экологиялық іс-шаралар қорытындыланды

Қорытынды кезеңде Ақжар ықшамауданындағы № 44 мектепте ашылған эко-бұрыштың таныстырылымы өтті. Салтанатты іс-шараға қалалық білім бөлімінің басшысы Айнагүл Дүйсекенова және облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Гулайым Төлеубаева қатысты, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

— «Таза Қазақстан» бастамасы экологиялық құндылықтарды нығайтып, азаматтардың қоршаған ортаға жауапкершілігін арттыруға бағытталған. Ал «EcoLab» экобұрышы – осы істің нақты көрінісі. Ол оқушылардың экологиялық білімін кеңейтіп, табиғатты қорғау мәдениетін қалыптастырады, — деді Гүлайым Төлеубаева.

Айта кетейік, «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы аясында облыстың 20 мектебінде экологиялық сағаттар өтіп, онда суды үнемдеу, электр қуатын тиімді пайдалану, табиғатты қорғау және қалдықтарды сұрыптау мәдениеті насихатталды.

Сонымен қатар «Eco Life» жобасы аясында ардагерлердің бастамасымен отбасылық ағаш егу акциясы өтті. Шара ұрпақтар сабақтастығын нығайтып, табиғатты аялау мәдениетін дәріптеуге бағытталды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Таза Қазақстан» бастамасы қоғамда экологиялық құндылықтарды нығайтып, азаматтардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыруға ықпал етеді.