«Ауыл аманаты» аясында 100-ден астам жоба іске асады

«Ауыл аманаты» аясында 100-ден астам жоба іске асады

Атырау облысында осы жылы «Ауыл аманаты» бағдарламасы ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыру мен кәсіпкерлікті дамытуға 102 жобаны қаржыландырып, жаңа жұмыс орнын ашу көзделіп отыр,-деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Сонымен қатар қосымша 3 млрд теңге бөлу жоспарлануда. Бұл қаржы есебінен тағы 163 жобаны жүзеге асыру мүмкіндігі бар.

- Өткен жылы бұрын берілген микрокредиттердің қайтарылған қаражаты есебінен револьверлік қаржыландыру тетігін іске қостық. Нәтижесінде 6 ауыл шаруашылығы кооперативі мен 5 жеке кәсіпкер қаржыландырылды. Атап айтқанда, Жылыой ауданындағы «Шоқпартогай» кооперативі мал басын көбейтуге берілді. Қызылқоға ауданындағы «ІҢКӘР» кооперативі 3 трактор сатып алды. Ал Құрманғазы ауданындағы «SAIFULLAH-PRODUCTION COMPANY» кооперативі құрама жем өндіру жобасын жүзеге асыруда,-деді Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары Азат Қапанов.

Сондай-ақ Махамбет, Индер және Мақат аудандарындағы кооперативтер ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту, мал шаруашылығын дамыту және азық-түлік өндірісін жолға қою бағытында қаржыландырылды.