
Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов ғылыми ұйымдар мен бейінді институттардың, сондай-ақ жеке зерттеу компаниялары өкілдерінің қатысуымен жиын өткізді.
Кездесуде шаңның түзілуін азайтуға, топырақты тұрақтандыруға және көгалдандыруға бағытталған ғылыми әдіс-тәсілдер мен тәжірибелер жөнінде айтылды.
Жиынға қатысушылар мәселені кешенді түрде шешу және оған ғылыми қауымдастық пен салалық ұйымдарды тарту керегін атап өтті.
Аймақ басшысы ғылыми шешімдерді басшылыққа ала отырып, көгалдандырудың кешенді іс-шаралар жоспарын әзірлеуді және бір айдың ішінде оны орындауға кірісуді тапсырды.