
Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов “Даму” кәсіпкерлікті дамыту қоры”АҚ басқарма төрағасы Фархат Сәрсекеевпен және қордың Атырау облысы бойынша өңірлік филиалының директоры Берік Қадыровпен кездесті.
Жүздесуде аймақта кәсіпкерлікті дамыту жайындағы өзекті мәселелер қаралып, шағын және орта бизнеске мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау шаралары мен даму перспективалары жөнінде әңгіме өрбіді.
Облыс бойынша 11,7 мың жоба жалпы есеппен 622 млрд теңге қаржылай қолдауға ие болған. Ал 2025 жылы 457 жоба 59,2 млрд теңге көлемінде көмек алған.
“Даму” қоры кәсіпкерлерге кепілдендіру мүмкіндігін ұсынатыны, сондай-ақ “Өрлеу” және “Іскер Аймақ”бағдарламалары бойынша жеңілдетілген қаржыландыруға қол жеткізуге көмектесетіні жөнінде де айтылды. Бұл бағыт Үкіметтің және “Бәйтерек” холдингінің қолдауымен іске асырылуда.
Облыс әкімі экономиканың тұрақты өсімі мен жаңа жұмыс орындарын ашудың негізгі факторы ретінде өндірісті дамытуға бағытталған кәсіпкерлікті қолдаудың маңызын айрықша атап өтті.