
Биыл аймаққа 29 мың жасыл желекті егу жоспарланып отыр.
⠀
Қала әкімдігінің орынбасары Ердос Әбдісаттаров айтуынша, жаз айларындағы аптап ыстыққа төтеп беретін қылқанжапырақты, шырша, арша және басқа да ағаш түрлерін отырғызу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Оған жастар, еріктілер, мемлекеттік мекеме қызметкерлері мен қала тұрғындары белсенді қатысуда.
⠀
- Маусымдық кезең сәуір айында басталады. Жалпы көгалдандыру жұмыстары жыл сайын жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Биыл да қала аумағын жасыл желекпен қамтуға ерекше көңіл бөлінуде. Бұл бастама қаланың экологиялық жағдайын жақсартуға және тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыруға мүмкіндік береді. Барша қала тұрғындарын осындай игі шараларға белсенді қатысуға шақырамын, - деді ол.
⠀
Сонымен қатар оның айтуынша отырғызылып жатқан ағаш көшеттері өңірдегі жергілікті питомниктерде өсірілген. Бұл олардың климаттық жағдайға бейімделуіне және жерсінуіне мүмкіндік береді.