Атырау облысында наурызда 941 әйел жұмыспен қамтылды

Атырау облысында наурызда 941 әйел жұмыспен қамтылды

Атырау облысында наурыз айында мансап орталықтарына жұмыспен қамту мәселелері бойынша 6 997 әйел жүгінді. Олардың 2 860-ы әлеуметтік қолдау шараларымен қамтылды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

Сондай-ақ «Бастау-Бизнес» жобасы аясында 151 адам кәсіпкерлік негіздеріне оқытылды. Кәсіптік бағдарлау шараларымен 1 768 адам қамтылды.

– Наурыз айында 941 әйел жұмыспен қамтылды. Оның ішінде 22 адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 440 адам қоғамдық жұмыстарға, 21 жас маман жастар практикасына жолданды. Сондай-ақ, 40 адам «Күміс жас» жобасы аясында жұмысқа орналастырылып, 418 әйел тұрақты жұмыспен қамтылды, – деді Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысының орынбасары Альфия Төлеғариева

Мемлекет тарапынан субсидияланатын жұмыс орындарына 523 әйелдер орналастырылды.
​Мамандардың айтуынша, субсидияланатын жұмыс орындары жөнінде қала, аудандарда құрылған мобильдік топтармен ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, түсініктер берілуде.