Атырау облысында егістік алқабы 10 мың гектарға дейін ұлғаймақ

Атырау облысында егістік алқабы 10 мың гектарға дейін ұлғаймақ

Осы жылғы болжам бойынша аймақтағы егістік алқаптары 10 мың гектарға дейін ұлғаяды деп күтілуде. Былтыр жалпы егіс көлемі 9 300 гектарды құрағанын ескерсек, 2024 жылмен салыстырғанда 4 мың гектарға артық,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Оның ішінде картоп – 665 га, көкөністер – 2400 га, бақша дақылдары – 1240 га, мал азықтық дақылдар 5000 гектарды құрайды.

- Өткен жылғы егілген егістік алқаптарының басым бөлігі толық жиналып, барлығы 148 мың тоннадан астам өнім алынды. Оның ішінде көкөністерден 72 мың тонна, бақша өнімдерінен 39,6 мың тонна, картоптан 8 мың тоннаға жуық және мал азықтық дақылдардан 28,6 мың тонна өнім жиналды. Негізгі бөлігі су жеткізу шығындарын субсидиялауға бағытталды, сондай-ақ тыңайтқыштар, пестицидтер, тұқым шаруашылығы мен басым дақылдарға қолдау көрсетілді,- деді облыстық Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары Азат Қапанов.

Бүгінде Атырау облысында жалпы сыйымдылығы 54 мың тоннаны құрайтын 9 көкөніс сақтау қоймасы жұмыс істейді. Өңірде жалпы аумағы 28 гектар болатын 41 жылыжай бар. Оның ішінде 13,6 гектары – өндірістік жылыжайлар.