
Атырау облысында түлектерді жұмыспен қамту мақсатында «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы жүзеге асуда. Биыл жоба аясында 1180 адамды еңбекке тарту жоспарланған, – деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Бүгінде «Жастар тәжірибесі» бағдаламасымен 55 түлек жұмысқа жолданды. Өткен жылы аймақта жалпы саны 1356 жас жолданып, 303 адам тұрақты жұмысқа орналасып, 673-і тәжірибесін жалғастыруда.
- «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы – орта және жоғары оқу орындарын бітіргеннен кейін мамандығы бойынша бес жыл жұмыс істемеген, 35 жасқа дейінгі түлектерге арналған бағдарлама. Қатысушылардың жалақысын мемлекет субсидиялайды. Әрқайсысына ай сайын 30 АЕК мөлшерінде еңбекақы төленеді,- деді Атырау облыстық Еңбек мобильділігі орталығының басшысы Мереке Есқалиев.