Өңірлік кадр резервінің мүшесі Меденов Саян Атырау облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары болып тағайындалды

Өңірлік кадр резервінің мүшесі Меденов Саян Атырау облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары болып тағайындалды

Облыс әкімі аппараты басшысының бұйрығымен Атырау облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары лауазымына Саян Меденов тағайындалды.

Саян Меденов 1994 жылғы 2 қаңтарда дүниеге келген. 2015 және 2019 жылдары Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін “мұнай-газ ісі” және “экономика” мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2016 жылы Атырау облысы Махамбет ауданы әкімі аппаратында бастаған. Әр жылдары ұйымдастыру және жұмылдыру дайындығы, төтенше жағдайлар, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер сапасын бақылау бөлімдерінде бас маман қызметтерін атқарды. Аудан әкімінің кеңесшісі және аудандық ұйымдастыру, жұмылдыру және төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы лауазымында еңбек етті.

2023 жылы Атырау облысы әкімі аппаратындағы қызметін жалғастырып, ұйымдастыру-инспекторлық бөлімнің бас инспекторы, бақылау және талдау бөлімінің бас инспекторы, ұйымдастыру-инспекторлық бөлімнің басшысы лауазымдарында жұмыс істеді.

Осы тағайындауға дейін Атырау облысы әкімі аппаратының өңірлік даму және мониторинг бөлімін басқарды.