
Атырау облыстық аумақтық референдум комиссиясы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Атырау облысы бойынша филиалымен бірлесіп «Республикалық референдумды ұйымдастыру мен өткізудің өзекті мәселелері туралы» 2026 жылдың 20 ақпан мен 10 наурыз аралығында барлық деңгейдегі референдум комиссиялары үшін оқыту семинарларын өткізуде. Мақсаты референдум комиссияларының дуыс беру процесін заң талаптарына сәйкес алқалылық, жариялылық және ашықтық принциптерін сақтай отырып ұйымдастыру, құқықтық сауаттылығын арттырып, тәжірибелік дағдыларын жетілдіру.
10 наурызға дейін жалғасатын оқыту семинарларымен жалпы облыс аумағындағы 276 учаскелік референдум комиссияларының 860 мүшесін қамту жоспарланды.
Ал, қалалық, аудандық аумақтық референдум комиссиялары оқытуды каскадтық әдіспен жалғастырады.