Мақат ауданы Доссор кентінде 140 орынға арналған дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің ашылу салтанаты өтті, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі
Екі қабатты жаңа нысанның жалпы ауданы 1274,1 шаршы метрді құрайды.
Ғимаратта жаттықтырушылар мен дәрігерлерге арналған кабинеттер, күзет бөлмесі, күрес залы мен спортзал, сондай-ақ ерлер мен әйелдерге арналған киім ауыстыру және жуыну бөлмелері қарастырылған.
⁃Спорттық нысанның құрылысы былтыр басталып, жергілікті бюджет есебінен салынды. Жаңа кешен кент тұрғындарының спортпен тұрақты айналысуына және салауатты өмір салтын қалыптастыруына мүмкіндік береді, - деді аудан әкімі Азамат Мәмбетов.