Аумақтық сайлау комиссиялары Дүниежүзілік сайлау күнін атап өтті

Аумақтық сайлау комиссиялары Дүниежүзілік сайлау күнін атап өтті

Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен Дүниежүзілік сайлау күніне орай 2026 жылдың 5 ақпан күні облыстық, қалалық, аудандық аумақтық сайлау комиссиялары мен Жас сайлаушылар клубтарының мүшелері арасында «PRO-Сайлау» тақырыбында «Quiz» интеллектуалды ойыны өткізілді. Мақсаты - комиссия мүшелерінің сыни ойлануын, коммуникативтік, көшбасшылық, зияткерлік дағдыларын арттыру.

Іс-шараның соңында интеллектуалдық ойында белсенділік танытқан командалар дипломдармен марапатталды.

Дүниежүзілік сайлау күнін мерекелеу аясында облыстық аумақтық сайлау комиссиясы жариялаған «Үздік дауыс беру мекен жайы» байқауы қорытындыланды. Байқау қалалық және аудандық аумақтық сайлау комиссияларының арасында өткізіліп, нәтижесінде ІІІ дәрежелі дипломмен Индер аудандық аумақтық сайлау комиссиясы, ІІ дәрежелі дипломмен Қызылқоға аудандық аумақтық сайлау комиссиясы, І дәрежелі дипломмен Исатай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы марапатталды. Байқауға қатысқан Индер ауданы №111 учаскелік сайлау комиссиясы «Ең креативті безендірілген зал» номинациясы бойынша марапатталса, Қызылқоға ауданы №147 учаскелік сайлау комиссиясы – «Ең жайлы учаске» номинациясы, Махамбет ауданы №215 учаскелік сайлау комиссиясы «Сандық инновация көшбасшысы» номинациясы бойынша марапатталды.

Аталған іс-шара кәсіби негізде тұрақты жұмыс жасайтын аумақтық сайлау комиссия мүшелерін құттықтаумен аяқталды.