Дүниежүзілік сайлау күні қарсаңында мәслихат депутаттары жастармен кездесті

Дүниежүзілік сайлау күні қарсаңында мәслихат депутаттары жастармен кездесті

2026 жылдың 3 ақпан күні Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен Дүниежүзілік сайлау күніне орай облыстық және қалалық мәслихат депутаттарымен Саламат Мұқашев атындағы Атырау политехникалық жоғары колледжінің студенттерінің кездесуі өтті.

Кездесудің мақсаты: Дүниежүзілік сайлау күні қарсаңында жастарға сайлау құқықтарын түсіндіру, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 4-бабындағы бәсең сайлау құқығын насихаттау (яғни Қазақстан Республикасы  азаматтарының сайлаушы құқығымен қатар сайлану құқығы бар екендігін түсіндіру) бағытында мәслихат депутаттары болып сайланған азаматтардың депутаттық тәжірибелерімен таныстыру, сұхбаттасу.

Кездесуге Атырау облыстық мәслихатының депутаты, Саламат Мұқашев атындағы Атырау  политехникалық жоғары колледжінің директоры Бағыт Шеркешбаева, Атырау қалалық мәслихатының депутаты, «Жаныңдамын» қоғамдық қорының директоры Мейрамгүл Есниязова, Атырау қалалық мәслихатының депутаты, «Maxwell Group» ЖШС-нің директоры Ильяс Қонысбаев қатысты. Сонымен қатар Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Әсия Қыстаубаева ҚР Президентінің бастамасымен сайлау туралы заңнамалыққа енгізілген өзгерістердің бірі өкілетті органдардың құрамындағы 30 пайызы жастар мен әйел адамдарға, мүгедектігі бар адамдарға тиесілі екендігін жеткізіп Атырау облыстық мәслихатының депутаты, «Біз де адамбыз» қоғамдық қорының директоры Гүлназ Қосмурзиева туралы студенттерге таныстырды.

Кездесу барысында мәслихаттар депутаттары өздерінің депутаттық жұмыстары туралы айтып, жастардың сұрақтарына жауап берді. Кездесу Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясы депутаттар үшін дайындаған «Блиц сауалнамамен» аяқталды. Жалпы шараға 80-ге жуық адам қатысты.