
2005 жылы Будапешт қаласында (Венгрия) өткен сайлауды ұйымдастырушылардың жалпы конференциясында жыл сайын ақпан айының бірінші бейсенбісі сайлау органдарының кәсіби мерекесі ретінде Дүниежүзілік сайлау күні болып белгіленген. Биыл мереке 5 ақпанда аталып өтіледі.
Мерекелеудің негізгі идеологемасы - «Электоралдық принциптер – сайлаушы сенімінің негізі». Бұл сайлау ұғымын құқықтық, институционалдық және азаматтық бағдарлардың қалыптасқан жүйесінің нәтижесі ретінде бейнелейді.
Облыс көлеміндегі өткізілетін іс-шаралардың концепциясына Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының даму стратегиясымен көзделген Заң үстемдігі, Тәуелсіздік, Ашықтық, Инклюзивтілік, Кәсібилік пен Алқалық принциптері негізге алынды.
Әрбір көрсетілген принцип аясында өткізілетін барлық іс-шаралар оның мазмұнын, практикалық мәнін және сайлау процесіндегі институционалдық рөлін ашуға бағытталады.