Жас ұрпаққа экологиялық сананы қалыптастыру: Атыраудағы мектептерде бірқатар шаралар өткізіліп жатыр

Жас ұрпаққа экологиялық сананы қалыптастыру: Атыраудағы мектептерде бірқатар шаралар өткізіліп жатыр

Облыстық Білім беру басқармасы мен Атырау қаласының Білім бөлімі №50 жалпы орта білім беретін мектепте «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Үнемді тұтыну» бағыты бойынша экологиялық тәрбие іс-шараларын ұйымдастырды,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Басты мақсат – оқушылардың табиғатқа жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру, су ресурстарын үнемдеу, қоршаған ортаны таза ұстау және салауатты өмір салтын насихаттау.

Білім бөлімі өкілдерінің хабарлауынша, мұндай іс-шаралар оқушыларға жеке және қоғамдық жауапкершілікті қалыптастыруға, қоршаған ортаны қорғау бойынша практикалық дағдыларды меңгеруге мүмкіндік береді.

Атырау қаласының мектептері оқушыларды экологиялық тәрбиелеу бойынша жүйелі жұмыстарды жалғастырып, өңірде жас ұрпақты экологиялық мәдениет пен үнемді тұтыну қағидаларына баулу бойынша белсенді жұмыс жүргізуде.