Атырау халықаралық әуежайындағы ұшу-қону жолағы қардан тазартылуда

Атырау халықаралық әуежайындағы ұшу-қону жолағы қардан тазартылуда

Бұл жұмыстарға арнайы техникалар тартылып, жолаққа 23 тоннадан аса арнаулы химиялық материал себілді, – деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

14 қаңтар күні мұз бен жаңбыр қатар жауып, кейін аяздың күшеюі салдарынан жолақта көктайғақ пайда болды. Халықаралық азаматтық авиация комитетінің (ИКАО) кодына сәйкес оның жағдайы «нөлдік» деңгейде бағаланып, қауіпсіздік мақсатында рейстер уақытша тоқтатылды.

- 14 қаңтар күні жаңбыр жауып, ауа температурасының төмендеуіне байланысты ұшу-қону жолағында көктайғақ пайда болды. Содан бері қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Негізгі мақсат – жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ әуе кемелерін қауіпсіз қабылдау және ұшыру. Қазіргі уақытта әуежай қызметкерлері күшейтілген режимде жұмыс істеп, рейстерді қауіпсіз ұшуға дайындауда, – деді Х.Доспанова атындағы Атырау халықаралық әуежайының инженері Андрей Венгринюк.