
Аймақ басшысының орынбасары Марат Мурзиев «Атырау» телеарнасының «Қоғам сөзі» бағдарламасында облыстағы агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бағытында атқарылған жұмыстар туралы баяндады,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Облыста мал шаруашылығы бағытында 2250-ден астам құрылым жұмыс істеп тұр.
Асыл тұқымды ірі қара өсіруші шаруашылықтар саны 130-дан асып, 2025–2026 жылдарға 610 мың тоннаға жуық мал азығы дайындалды. Мемлекеттік қолдау аясында 232 шаруашылыққа 882 млн теңге субсидия төленіп, 3,1 млрд теңгеге 3,5 мыңға жуық мал басы сатып алынды.
2025 жылы егіс көлемі 9340 гектарға жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 4 мың гектарға артты. Егілген алқаптардан 150 мың тоннадай өнім жиналды. Су үнемдеу технологиялары 9300 гектарға енгізіліп, бұл көрсеткіш 76,7% өсті. Ветеринария саласында 9 қауіпті аурудың алдын алу шаралары жүргізіліп, 3,1 млн-нан астам доза вакцина егілді. Сонымен қатар 1млн-нан астам мал бруцеллезге тексерілді. 2025–2027 жылдарға арналған 48,3 млрд теңгенің 12 инвестициялық жобасы жоспарланып, 2025 жылы 27,6 млрд теңгенің 6 жобасы іске қосылды,-деді облыс әкімнің орынбасары Марат Мурзиев.
Балық шаруашылығы саласында 2025 жылы 15,6 мың тонна балық ауланып, оның 9,7 мың тоннасы өңделсе, 3315 тоннасы экспортталды. Өңірде бес балық өсіру шаруашылығы жұмыс істейді.
2025 жылы облыста пайдаланылмай тұрған 61,6 мың гектар жер мемлекетке қайтарылып, 78,6 мың гектар жер конкурс арқылы қайта айналымға енгізілді.