Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды үйлестіру басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды үйлестіру басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Өңір әкімінің өкімімен Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы лауазымына Ерболат Болатжанұлы Омаров тағайындалды.

Ерболат Омаров 1982 жылы дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің түлегі.

Еңбек жолын 2001 жылы сот органдарында және мемлекеттік қызметте заңгер болып бастаған. Әр жылдарда Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары және басшысы, Мақат ауданының әкімі, Солтүстік Қазақстан облысы Экология департаментінің басшысы, Атырау қаласы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.