
Облыс әкімі Серік Шәпкенов «AMANAT» партиясы Атырау облыстық филиалының «AMANAT SERVICE» қызмет көрсету орталығында қала және аудандардан келген 30-дан аса азаматты жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Кездесуде көлік және инфрақұрылымды дамыту, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жер пайдалану мен құрылыс және кәсіпкерлік саладағы бастамаларды қолдау мәселелері көтерілді. Сонымен қатар әлеуметтік осал топ өкілдері мен азаматтардың құқықтарын қорғау мәселелері де қозғалды.
Барлық өтініш бойынша тиісті басқармалар мен аудан әкімдіктеріне көтерілген мәселелерді жан-жақты зерделеп, қолданыстағы заңнама аясында нақты шешім қабылдау жөнінде тапсырмалар берілді. Жекелеген жағдайларда мәселелерді өтініш иелерімен бірге қарастырып, қосымша шаралар қолдану тапсырылды.