Атырауда еңбек адамдары мемлекеттік наградалармен марапатталды

Атырауда  еңбек адамдары мемлекеттік наградалармен марапатталды

Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов өңірдің әлеуметтік-экономикалық және өндірістік дамуына елеулі үлес қосқан жұмысшы мамандарға Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларын табыс етті, – деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Аймақ басшысы өз сөзінде жұмысшы мамандықтар жылы аяқталғанымен, олардың еңбегі – кез келген кәсіпорынның, өндіріс пен жалпы экономиканың берік негізі екенін атап өтті.

Өңірдің дамуына қосқан үлесі үшін ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» Жылыой аудандық электр желілері оперативті шығу бригадасының төртінші топты электромонтері Танат Әлжановқа табысталды.

Сондай-ақ «Ерен еңбегі үшін» медалімен Жедел-жәрдем жүргізушісі Өмірбай Қазиев, «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В» филиалы газтурбина стансасының операторы Арман Құлатаев, экскаватор операторы Дастан Сұрманов және «Потенциал Ойл» ЖШС өндіріс учаскесінің бақылау-өлшеу құралдары мен автоматика слесарі Нұрғали Өтешов марапатталды.