Атырау облысында желтоқсанның 14-іне қараған түнде ауа райы күрт нашарлап, циклон жүруде. Метеорологиялық қызмет мамандарының мәліметінше, желдің екпіні секундына 25 метрден асып, боран соғып, көктайғақ түзілуде. Бұл қозғалысқа қауіпті

Атырау облысында желтоқсанның 14-іне қараған түнде ауа райы күрт нашарлап, циклон жүруде. Метеорологиялық қызмет мамандарының мәліметінше, желдің екпіні секундына 25 метрден асып, боран соғып, көктайғақ түзілуде. Бұл қозғалысқа қауіпті
Жолдағы қозғалыстың  қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 2025 жылғы 14 желтоқсанда республикалық маңызы бар автокөлік жолдарының
 
•Атырау – Орал,
•Атырау – Ақтөбе,
•⁠  ⁠Атырау – Доссор – Бейнеу учаскелерінде жүк, қоғамдық және барлық көлік түрінің қозғалысына уақытша шектеу енгізілді. 
 
Атырау облысының Полиция департаменті жүргізушілерді алыс жолға шықпауға, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және уақытша шектеулерге түсіністікпен қарауға шақырады.
 
Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға мүмкіндігінше үйде болуға, терезелер мен есіктерді мықтап жабуға, балкон мен ауладағы заттарды жинастырып қоюға кеңес береді. Сондай-ақ ағаш, электр желілері, жарнама конструкциялары және әлсіз бекітілген нысандар маңынан аулақ жүру шарт. Автокөліктерді ағаштардың астына, жарық бағандарының жанына қоюға болмайды.
 
Желдің салдарын жоюға облыс аумағында “Атырау Жарық” АҚ-ның 25-тен астам апаттық-қалпына келтіру бригадасы жұмылдырылды.
 
Атырау облысының әкімі төрағалығымен барлық қызметтің жұмысын үйлестіруге арналған жедел штаб жұмыс істеуде. Жергілікті атқарушы органдар мен аудандық қызметтер күшейтілген жұмыс режиміне көшіріліп, жағдайға тәулік бойы мониторинг жүргізіліп отыр