
Биылғы алғашқы жартыжылдықта Атырау облысына 83 мыңнан астам турист келді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 19%-ға көп.
«Саланы дамытуға бағытталған инвестиция көлемі де екі есеге өсіп, 32 млрд теңгені құрады. Туризмді дамытудағы басты бағыттар – ортағасырлық Сарайшық пен Қиғаш өзеніндегі Лотос алқабы. Сарайшықты өңірдің тарихи-туристік орталығына айналдыру бойынша бес жылдық жоспарымыз бекітіліп, жұмыстар басталды», - деді облыс әкімі Серік Шәпкенов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.