
Өңірде әлеуметтік нысандар құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Биыл 27 мектеп салынуда. Оның ішінде 4 мектеп пайдалануға берілді, 9 мектептің құрылысы жыл аяғына дейін аяқталады. Бұл туралы Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді. «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында өңірде медициналық инфрақұрылымды дамыту жұмыстары жалғасуда. 2025 жылдың аяғына дейін 5 нысан тапсырылады. Қосымша 7 нысанның құрылысы жүріп жатыр.
«Өңірде екі заманауи емхана салынуда. Онкодиспансер жанындағы радиологиялық корпус келесі жылы пайдалануға беріледі», - деді спикер.
Бұдан бөлек, 15 мәдени нысанның құрылысы жүргізілуде. Атырау қаласында концерт залы мен тарихи-өлкетану музейі, сондай-ақ, конгресс-холл, бейбітшілік және келісім сарайының құрылысы жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, 33 спорт кешенінің құрылысы басталып, биыл 11 спорт кешені қолданысқа берілді.
«Алдағы жылы ауылдық округтердің барлығы 100% спорт кешендерімен қамтамасыз етіледі», - деді облыс әкімі.