
Атырау облысында халықты сапалы ауыз сумен, көгілдір отынмен, электр желілерімен қамтамасыз ету 99,9%, яғни 713 мыңнан аса адамды қамтып отыр. Тұрақты және сапалы қызмет көрсету аясында бірқатар инфрақұрылымдық жобалар іске асырылды.
«Атырау қаласы мен облыс аудандарында электр желілерін жаңғырту жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асуда. 302 шақырым электр желісі жаңартылды. Сонымен қатар, қуаттылығы 32 МВт «Нұрсая–Самал» қосалқы стансасының құрылысы аяқталды. Жүйені автоматтандыру мақсатында 30 дана автоматты қайта қосу құрылғысы орнатылды», - деді өңір әкімі Серік Шәпкенов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.
Оның айтуынша, Атырау қаласының оң жағалауында сағатына 120 мың текше метр газ тарататын станция мен 46 шақырым магистралды газ құбырының құрылысы аяқталуда.