Атырау облысында 20 жаңа жоба іске асырылып, 1 300-ден аса жұмыс орны ашылады

Атырау облысында 20 жаңа жоба іске асырылып, 1 300-ден аса жұмыс орны ашылады

2025 жылдың 10 айының қорытындысына сәйкес, Атырау облысының негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері бойынша оң өзгерістер қалыптасты. Бұл туралы ОКҚ алаңында өңір әкімі Серік Шәпкенов хабарлады. Оның айтуынша, өңірдің дамуының басты экономикалық драйвері – мұнай-газ саласы. Бүгінде құны 10,7 млрд долларды құрайтын үш ірі зәкірлі инвестициялық жоба жүзеге асырылуда.

«Бұдан бөлек, құны 104 млрд теңге болатын 20 инвестициялық жоба іске асырылуда, нәтижесінде 1 320 жаңа жұмыс орны ашылады», - деді спикер баспасөз конференциясы барысында.

Агроөнеркәсіп кешенінде 116,8 млрд теңгенің өнімі өндірілді. Өңірдің мал шаруашылығында да өсім бар.