Аймақта «Таза Қазақстан» жобасы қорытындыланды

Аймақта «Таза Қазақстан» жобасы қорытындыланды
Атырауда "Таза Қазақстан: табиғатқа тағзым – үздіктерге құрмет" қорытынды іс-шарасы өтті
 
«Таза Қазақстан» тұжырымдамасын қорытындылау салтанатында  экологиялық мәдениетті дамытуға, қоршаған ортаны қорғауға және табиғатты ұқыпты пайдалануға үлес қосқан үздік мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар және белсенді азаматтар марапатталды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды. 
 
⁃Биыл тұжырымдама аясында өңірде аумақтарды абаттандыру, көгалдандыру, тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау, заңсыз қоқыс орындарын жою, өзен-көл маңын тазарту және экологиялық ағарту бағыттары бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілді. Бұл бастамалар Атырау облысының экологиялық ахуалын жақсартуға айтарлықтай үлес қосты, - деді облыстық Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбарасы Зарина Төребаева.
 
Қорытынды жиын барысында жылдық нәтижелер таныстырылып, «Таза Қазақстан» идеясын насихаттауда белсенділік көрсеткен азаматтар мен ұйымдар марапатталды. Сондай-ақ жасыл кеңістікті көбейтуге атсалысқан мекемелерге арнайы номинациялар табысталды.
 
Жиынға депутаттар, экология саласының мамандары, қоғамдық ұйым өкілдері мен еріктілер қатысты.
 
#ТазаҚазақстан #устойчивоеразвитие #чистаястрана #экология #TazaChallenge @TazaQazaqstan