
Мемлекет басшысының Жолдауындағы негізгі стратегиялық бағыттар Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев және Атырау облысының әкімі Серік Шәпкеновтің қатысуымен өткен кездесуде талқыланды. Іс-шараға барлық деңгейдегі әкімдер мен мемлекеттік органдардың басшылары және қоғамдық кеңес өкілдері қатысты.
Жиынға төрағалық еткен облыс әкімі Мемлекет басшысының Жолдауында көрсетілген бастамалардың маңыздылығын атап өтіп, оны іске асыру бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстар жөнінде айтты.
Кездесу барысында Мақат ауданының әкімі Азамат Мәмбетов ауданның даму жоспары аясындағы жаңашылдықтарды таныстырды. Сонымен бірге ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұрат Өтешов Мемлекет басшысының басым бағыттарын орындау үшін өңірде нақты шаралар атқарылып жатқанын атап өтіп, Президент кеңесшісіне өңірдің дамуына қатысты бірқатар ұсыныс айтты.
ҚР Президентінің Кеңесшісі Мәлік Отарбаев Жолдауда белгіленген басым бағыттарды тиімді жүзеге асыру үшін барлық салада да жүйелі және үйлесімді жұмыс қажет екенін ерекше атап өтті.