Атырауда жастар арасында экоакция ұйымдастырылды

Атырауда жастар арасында экоакция ұйымдастырылды

«Ретро саябақта» «Таза Қазақстан» жалпыхалықтық акциясы аясында «Экомәдениет жарқын болашақтың кепілі» атты іс-шара өтті, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Акцияның негізгі мақсаты қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыру, табиғатқа жанашырлық таныту және жастарды белсенді азаматтық ұстанымға баулу. Кездесу барысында қатысушылар экология тақырыбында пікір алмасып, волонтерлік бастамалармен танысып, «жасыл» өмір салтын насихаттауға бағытталған жобалар туралы мағлұмат алды.

Бағдарлама аясында «Green Step School» экологиялық жобасының арт көрмесі, шеберлік сағаты және таныстырылымы ұйымдастырылды. «Green Step School» жобасының үйлестірушісі Алмат Тағырбергеновтің айтуынша, экологиялық ойлау қабілетін ерте жастан қалыптастыру маңызды.

Табиғатты қорғау тек сенбілікпен шектелмеуі керек, ол күнделікті өмір салтына айналуы тиіс. Бүгінгі кездесу жастардың «жасыл» бастамаларды жүзеге асыруына түрткі болатын маңызды алаң, деді ол.

Ал «JerEcoHub» жобасының үйлестірушісі Асылханым Ахмурова экологиялық мәдениетті қоғам дамуының маңызды көрсеткіші деп атап өтті.

Біз осындай кездесулер арқылы экобілімді кеңейтіп, жастарды табиғатқа жауапкершілікпен қарауға шақырамыз. Әр адамның шағын қадамы үлкен өзгеріске жол ашады,деді ол.

 

Айта кетейік, Іс-шараны Атырау облыстық Жастар ресурстық орталығы ұйымдастырды.

 

#ТазаҚазақстан #устойчивоеразвитие #чистаястрана #экология #TazaChallenge @TazaQazaqstan