Аудан орталығы Аққыстау ауылында салтанатты түрде ашылған саябақтың лентасын сала ардагерлері қиды. Іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Нұрберген Өтегенов және ауыл тұрғындары қатысты, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
⁃Жалпы ауданы 2400 шаршы метрді құрайтын саябақтың құрылысы тамызда басталып, қазанда аяқталды. Жобаны жүзеге асырған мердігер мекеме — «СК» жеке кәсіпкерлігі, - деді Аққыстау ауылдық округінің әкімі Ерболат Мақашов.
Саябақта тұрғындардың демалысына арналған орындықтар, жарық шамдары орнатылып, көгалдандыру және абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Бұл жаңа демалыс орны ұстаздарға деген алғыс пен құрметтің белгісі болмақ.